Мәдениет

Imanbek қуанышты жаңалығын бөлісті

© Sputnik / Абзал Калиев DJ Иманбек
 DJ Иманбек - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.05.2021
Жазылу
"Грэмми" сыйлығының иегері бұл жолы Major Lazer триосы мен әнші Sia-мен ынтымақтастық орнатқан

НҰР-СҰЛТАН, 22 мамыр – Sputnik. Қазақстандық саунд-продюсер Иманбек Зейкенов Titans әніне жаңа ремикс жазды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Ямайкалық-америкалық Major Lazer триосы мен австралиялық әнші Sia-ның әні биылғы жылдың көктемінде шыққан. 21 мамырда "Грэмми" сыйлығының иегері Imanbek шығарманың жаңа нұсқасын ұсынды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от MAJOR LAZER (@majorlazer)

Айта кетсек,  Major Lazer триосы қазақстандықтармен бірінші рет жұмыс істеп отырған жоқ. 2017 жылы әншілер павлодарлық рэпер Әділ Жәлеловпен (Скриптонит) "Где твоя любовь?" туындысын жазған.

Биыл 15 наурызда Ақсу тұрғыны Иманбек Зейкенов Roses әніне жазылған ремикс үшін Grammy сыйлығын алды. Трек U.S. Billboard Hot 100 бестігіне кірді, ал рэпер Карлос Сент-Джон өзі орындайтын әнге жазылған ремикс үшін Ақсу тұрғынына алғыс айтты. Бұл тарихи оқиғаға қатысты Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев та пікір білдірді. 

Жаңалықтар
0