НҰР-СҰЛТАН, 30 мамыр – Sputnik. Қостанай облысында ауылда бір жарым жасар сәби ауладағы құдыққа құлап көз жұмды, деп хабарлайды alau.kz.
Қайғылы оқиға 24 мамыр Федоров ауданы Костряковка ауылында болды.
Қостанай облысы полиция департаментінің ақпаратынша, жер үйдің ауласында бір жарым жасар сәби қараусыз қалған құдыққа түсіп кеткен.
Баланы әкесі тауып алды. Өкінішке қарай, сәбиді құтқару мүмкін болмады.
"Отбасы толық, есепте тұрған жоқ, әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілікке тартылмаған. Трагедия кезінде ата-анасы үй шаруасымен айналысып жүрген", - деді полиция департаментінің баспасөз қызметіндегілер.