Фото

Аспанмен тілдескен әлемнің ең биік ғимараттары – фото

Sputnik

CTBUH Awards 2021 қорытындысын Чикаго қаласында жариялады. Соңғы екі жылда бой көтерген 160 жоба ақтық мәреге шықты. Бұл – инновациялық құрылыс технологиясы мен креативті архитектуралық шешімдердің көмегімен салынған биік әр көк тіреген ғимараттар. 

CTBUH Awards 2021 байқауы – биік құрылыс пен қала дамуы аясындағы басты халықаралық сыйлық. Оны жыл сайын Дүниежүзілік биік ғимараттар және қала ортасы жөніндегі кеңес (CTBUH) өткізеді.

Ережеге сәйкес, іріктеу екі кезеңнен тұрады. Халықаралық қазылар алқасы құрамына әлемнің жетекші архитекторлары, урбанистер, девелоперлер, биік ғимараттарды жобалау, құрылыс және пайдалану саласындағы мамандар кірді.

Оқи отырыңызы: Ғарыштағы қонақ үй: Жер шарын орбитадан тамашалуға болады – фото

Дауыс беру қорытындысы бойынша Санкт-Петербургтегі биіктігі 462 метр "Лахта Центр" байқау жеңімпазы деп танылды. Бұл нысан төрт номинацияны жеңіп алды: "Еуропаның үздік биік ғимараты", "Биіктігі 400 метрден асатын үздік ғимарат", "Биік ғимараттардың қасбеттері" және "Биік ғимараттар құрылысы".

CTBUH Awards -2021 байқауында әлемнің аспанмен тілдескен тағы қандай ғимараттары жүлделі болғанын суреттер топтамасынан көріңіз.

1 / 10
"Лахта Центр" CTBUH Awards байқауының төрт номинациясын жеңіп алды. Көп функциялы инновациялық қоғамдық-іскерлік кешен Санкт-Петербургтегі Фин бұғазының жағалауында орналасқан. "Лахта Центр" мұнарасы – Еуропаның ең биік ғимараты және әлемдегі мейлінше солтүстікте орналасқан нысан.
2 / 10
Бейжіңнің орталық іскерлік ауданында таң атқан сәттегі аса биік CITIC Tower ғимараты. Мұнара пішіні бұрынғы уақытта шарап сақтау үшін қолданылған ежелгі қытайлық Цзунь ыдысына ұқсайды.
3 / 10
Қытайдағы Raffles City Chongqing ғимараты – көп функциялы кешен. Raffles City Chongqing сегіз биік мұнарадан тұрады. Олардың бірінде бес жұлдызды қонақ үй орналасқан. №1 және №2 мұнаралар Янцзы мен Цзялинцзян өзендерінің тоғысуында орналасқан.
4 / 10
Канададағы Vancouver House зәулім ғимаратының төменгі бөлігі үшбұрыш түрінде салынып, нысан биіктеген сайын ені жағынан кеңейіп, төртбұрышқа айналады.
5 / 10
Богота орталығындағы Atrio North Tower ғимараты екі мұнарадан тұрады. Алты мың шыны панельден тұратын қасбеті жылу акустикалық сипаттамасымен ерекшеленеді және ол энергия тұтыну көлемін азайтады.
6 / 10
Монпельедегі White Tree тұрғын үй кешені сыртқы кескіні жағынан ағаштың ұшар басына ұқсайды. Тұрғын үй кешені толығымен ақшыл түсте дайындалған. Интерьерінде үлкен панорамалық терезелер мен кең балкондар қолданылған.
7 / 10
Telus Sky мұнарасының солтүстік және оңтүстік қасбеттері жарық диодты дисплеймен көмкерілген. Ол "Солтүстік шұғыласы" деген атауға ие болды.
8 / 10
Израильдегі айсберг пішіндес ToHA Tower ғимараты мейлінше аз аумақты алып жатыр. Ғимарат техникалық кешен орналасқан көтерме конструкциялардың үстінде тұр.
9 / 10
Нью-Йорктегі 35 Hudson Yards зәулім ғимарат тұрғын үй және қонақ үй нысаны ретінде жобаланған. Hudson Yards-тың он бір қабаты мейманхана кеңістігіне арналған. Ал сегізінші деңгейден бастап алты қабат кеңсе мақсатында қолданылса, 2-38 қабат аралығында қонақ үй орналасқан.
10 / 10
АҚШ-тың Лондондағы елшілігінің негізгі ерекшелігі – террористік шабуылдардан жоғары қорғаныс. Бұл аймақ қақпалардың орнына соқтығысуға, бұзуға қарсы кедергі конструкциялармен қоршалған.