Қоғам

Семейде әскери госпитальдің бастығы ұсталды

Медицина қызметінің подполковнигі Дулат Құрметов бүгін, 29 мамырда ұсталды
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 29 мамыр – Sputnik. Семей қаласында әскери госпитальдің бастығы Дулат Құрметов ұсталды. Бұл туралы қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

"29 мамырда құқық қорғау органдары Семей қаласындағы әскери госпиталдің бастығы медицина қызметінің подполковнигі Дулат Құрметовті ұстады", - делінген хабарламада.

Ведомство басқа мәлімет тергеу мүддесі үшін жария етілмейтінін атап өтті.

Кеше, 28 мамырда Қарулы күштердің қару-жарақ және материалдық-техникалық қамтамасыз ету қызметінің бастығы полковник Асылбек Сатыбалдинов ұсталған болатын.

БАҚ-тың мәліметінше, ол "қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланып, сыйақы беру кезінде бюджет қаражатын жымқырды және әскери қызметшілерден ақшалай жәрдемақыны заңсыз өндіріп алды" деген күдікке ілінген. Сыйақының жалпы сомасы 10 миллион теңгеден асады.