Қоғам

Ақтөбе облысы "жасыл" аймаққа қайта оралды

Жаңартылған мәліметке сәйкес "сары" аймақта төрт өңір, "жасылда" сегіз өңір, "қызыл" аймақта бес өңір тұр
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 27 мамыр – Sputnik. 27 мамырдағы Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес, Ақтөбе облысы "сары" аймақтан "жасыл" аймаққа өтті.

Қазір Қазақстанның 8 өңірі "жасыл" аймақта тұр.

Оқи отырыңыз: Өткен тәулікте 1849 адам коронавирус жұқтырғаны анықталды 

Жалпы, эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасы келесідей:

"Қызыл" аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Ақмола, Атырау, Қарағанды ​​облыстары.

"Сары" аймақта: Батыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары.

"Жасыл" аймақта: Шымкент, Алматы, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау және Түркістан облыстары.