НҰР-СҰЛТАН, 27 мамыр – Sputnik. 27 мамырдағы Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес, Ақтөбе облысы "сары" аймақтан "жасыл" аймаққа өтті.
Қазір Қазақстанның 8 өңірі "жасыл" аймақта тұр.
Оқи отырыңыз: Өткен тәулікте 1849 адам коронавирус жұқтырғаны анықталды
Жалпы, эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасы келесідей:
"Қызыл" аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Ақмола, Атырау, Қарағанды облыстары.
"Сары" аймақта: Батыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары.
"Жасыл" аймақта: Шымкент, Алматы, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау және Түркістан облыстары.