Елорда тынысы

Нұр-Сұлтанда 43 шаршы метр пәтерде 600 адам "тұрған"

Пәтерде қағаз жүзінде ғана тұрып келген 600 азаматтың бәрі тіркеуден шығарылды
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 27 мамыр — Sputnik. Елордада небәрі 43 шаршы метр жерде 600 адам тіркеуде тұрған, деп хабарлады "Хабар 24".

Нұр-Сұлтанда 259 адам "тұратын" пәтер табылды
Пәтер иесі адамдарды жөн-жосықсыз тіркей берген. Заңға қайшы әрекет еткен азаматтың атына әкімшілік хаттама толтырылды. Ал әлгі пәтерде қағаз жүзінде ғана тұрып келген 600 азаматтың бәрі тіркеуден шығарылды.

Айта кетейік, елордада 17 мамырдан бері көші-қонға қатысты тексеріс жүргізіліп жатыр. Осы кезге дейін 1200 пәтер тексерілген. Нәтижесінде азаматтарды өтірік тіркегені үшін 50-ден аса пәтер иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылды.