Елорда тынысы

Нұр-Сұлтанда 259 адам "тұратын" пәтер табылды

© Sputnik / Владислав ВодневОсенний день в Нур-Султане
Осенний день в Нур-Султане - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Баспана иесіне әкімшілік хаттама толтырылды. Төрт адамнан тұратын отбасы мүшелерінен басқа "тұрғындардың" барлығы тіркеуден шығарылды

НҰР-СҰЛТАН, 8 қазан – Sputnik. Көші-қон полициясы жыл басынан бері 600-ден астам "резеңке" пәтерді анықтады.   

Полиция қызметкерлері тіркеу орнында тұрмайтын 24 мыңға жуық азаматты, оның ішінде әкімшілік ғимараттарда тіркелгендерді тіркеуден шығарды. Көші-қон заңнамасын бұзған тұрғын үй иелеріне айыппұл салынды. Бұл туралы полиция департаменті мәлімдеді, деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты.

"Осылайша, көші-қон қызметі Кенен Әзірбаев көшесіндегі пәтерде 2016 жылдан бері 259 адам тұрақты тіркеуде тұрған пәтерді анықтады. Сол пәтерде 289 адам уақытша тіркелген. Сонымен қатар осы жылдың тамыз айында иесі 154 азаматты пәтеріне тұрақты тіркеуге қойған", – делінген полиция департаментінің хабарламасында.

Меншік иесіне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 493-бабы – тұрғын үй иесіне өзімен бірге тұрмайтын жеке тұлғаларды тіркеу бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Төрт адамнан тұратын отбасы мүшелерін қоспағанда, бұрын пәтерге тіркелгендердің барлығы тіркеуден шығарылған.

"Жыбыр-жыбыр етіп үйге кірді": Елордада бір пәтерде 36 адам тұрып жатыр

Елорданың көші-қон қызметі заң бұзушылықтардың алдын алу мақсатында тұрғындарды тұрғылықты жері бойынша уақытында тіркеуге тұруға шақырады.

"Мекенжай туралы ақпарат сәйкес келмеген жағдайда, оларды жаңарту үшін халыққа қызмет көрсету орталықтарындағы көші-қон қызметінің аумақтық бөлімшелеріне хабарласыңыз. Біз сондай-ақ тұрғын үй иелерінен олармен бірге тұрмайтындарды тез арада тіркеуден шығаруды сұраймыз", – дейді мамандар.

2020 жылдың 9 айында елордада 151 мыңнан астам адам тіркелді, оның 30 мыңға жуығы уақытша тіркеуге тұрған.
Статистика көрсеткендей, соңғы екі жылда Нұр-Сұлтанға халықтың ең көп легі Ақмола, Түркістан, Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарынан келген.

Жаңалықтар
0