НҰР-СҰЛТАН, 26 мамыр – Sputnik. Алаңдаудың негізгі себебі де бар. Бауырлас республиканы айналып өтетін ресейлік отын салдарынан Украинадағы тразнит төменгі шекке дейін құлдырады. 2024 жылы "Газпром"–"Нафтогаз" келісімшарты аяқталғаннан кейін көмірсутекті қайта айдағаны үшін табыстан айырылуы мүмкін, деп жазды РИА Новости.
Мемлекеттік департамент конгреске санкциялық шектеуге енген компаниялар мен кемелерді тізбектеп көрсеткен баяндаманы ұсынды. Құжат Nord Stream 2 AG компаниясы үшін де шектеу қарастырғанымен, бұл шаралар Энтони Блинкеннің шешімімен тоқтатылды деп жазылған.
Мемлекеттік хатшы мұны "ұлттық мүдде" деп атап, толығырақ жауап беруден бас тартты. Америкалық БАҚ Вашингтон бұл жобаны Германиядағы тұтынушыларға қарсы санкциялар арқылы тоқтатуға тырысатынын хабарлады. Өйткені бүгінде құбыр құрылысының 95 проценті аяқталды.
Ал Германиядағы нарық қатысушыларына қысым көрсету Берлинмен байланысты тығырыққа тірегелі тұр.
Киев алдағы уақытта төнгелі тұрған шығындар көлемін есептеді. "Оператор ГТС Украины" компания басшысы Сергей Макогонның айтуынша, "Солтүстік ағын–2" жобасы салдарынан ел жылына бес-алты миллиард доллардан айырылады.
Ресей транзитті мүлде тоқтатқан кезде Украина бір жарым миллиард доллар жоғалтады. Газды Еуроодақтан тасымалдауға байланысты көгілдір отын бағасы қымбаттайды. Бұл тағы екі-үш миллиард шығын.
"Біздің барлық экспортымыз қымбаттайды. Мысалы, тыңайтқыштар. Халыққа арналған тарифтер де көтеріліп, сәйкесінше субсидиялар үшін көбірек қаражат қажет болады", – деді Макогон.
2020 жылы транзит 55,8 миллиард текше метрге дейін қысқарды. Бұл соңғы отыз жылдағы ең төмен көрсеткіш. Тіпті, 2014 жылғы дағдарыс кезінде де бұл көрсеткіш 62 миллиард текше метрді құрады. Газ тасымалдаушы станцияның 146 миллиардтекше метрлік қуатына қарағанда бұл жүктеме 30 проценттен де аз болып отыр.
Америкалықтардың шешімі Киевтің көңілінен шықпады. Рада АҚШ конгресінің сенаты мен өкілдер палатасын құрылысты тоқтату үшін барлық заңды құралдарды пайдалануға шақырды. Алайда украиналық аналитиктердің өзі бар кінә Украинаның өзінде екенін ашық айтып отыр.
Еуропа инженерлік білім беру қоғамының басшысы профессор Самюэль Фурфари америкалықтар Еуропамен текетіреске түсуді қалап отырмағанын айтты. Оның пікірінше, о баста "Солтүстік ағын–2" жобасын тоқтатуға тырысудың еш мәні болған жоқ.
Алдағы жылдары транзитті жоғалтудың Украинаға айтарлықтай зияны болмайды. 2024 жылға дейін "Газпроммен" арадағы мәміле жылына кемінде 40 миллиард текше метр газ транзиттеуді қарастырады.
Ресей "Солтүстік" және "Түрік ағынынан" кейін украин бағытынан бас тартуы мүмкін. Ресей саяси көзқарас бойынша бұл бағытты біршама уақытқа сақтап қалғанның өзінде, Киевтің делдал ретінде рөлі ұзаққа бармайды. Өйткені еуропалық нарық күрделі өзгерістерді бастан өткізіп жатыр.