Қоғам

Алматы облысында ойына келгенін істеген түлектер ұсталды – видео

Полиция жол ережелерін бұзған топты ұстады, оларға қатысты 15 әкімшілік хаттама толтырылды
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 26 мамыр – Sputnik. Алматы облысында төрт көлікке мінген жастар жол қозғалысы ережелерін бұзды. Оларды полиция ұстап, әкімшілік жауапкершілікке тартты.

Тәртіп сақшылары әлеуметтік желіні бақылау кезінде құқық бұзушыларды анықтады. Видеода төрт көлікке отырған жастар жол ережесін өрескел бұзған, деп хабарлады Polisia.kz.

Полиция жігіттерді ұстады. Олардың Жамбыл ауданының 17-22 жас аралығындағы тумасы екені анықталды. Ішінде екеуі кәмелетке толмаған. Оларға қатысты мемлекеттік нөмір белгісі жоқ көлікті басқару, қозғалыс кезінде есік ашу және қозғалыс кезінде терезе ойығынан шығу бойынша 15 әкімшілік хаттама толтырылды.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда соңғы қоңырау қалай өтті – видео

Автокөлік айыппұл тұрағына жеткізілді.

Кәмелетке толмағандардың ата-анасымен білім беру бөлімі қызметкерлерінің қатысуымен профилактикалық әңгіме жүргізіліп жатыр.