Оқиға

Қостанайда мектеп оқушысы соңғы қоңыраудан кейін көз жұмды

Сүңгуірлер көлден баланың денесін алып шықты. Дәрігерлердің болжамынша, бала суға секіріп, мойнын жарақаттаған
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 25 мамыр – Sputnik. Қостанайда №29 мектептің 15 жастағы оқушысы салтанатты жиналыстан кейін суға батып көз жұмды, деп хабарлайды alau.kz.

Трагедия "Әуежай" шағын ауданында "Тарелочка" көлінде болды.

Қостанай облысы денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, жедел жәрдем оқиға орнына 10.30-да келген. Сүңгуірлер баланың денесін алып шыққаннан кейін, дәрігерлер реанимациялық шаралар жүргізді.

"Өкінішке қарай баланы аман алып қалу мүмкін болмады. Болжам бойынша, ол суға секіріп, мойнын жарақаттаған. Өкпесінде су аз болды", - деді басқармадағылар.

Тағы оқыңыз: Бейнеуде соңғы қоңырау күні жаппай төбелес болды – видео

Қостанай облысының білім басқармасы оқушының отбасына көңіл айтты.

"Мұндай трагедия қайталанбас үшін барлық ата-ананы жазғы демалыс кезінде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ерекше назар аударуды сұраймыз", - деп мәлімдеді білім басқармасы.