Әлем

Мектеп оқушысы емтихан алдында көз жұмды

БАҚ ақпаратынша, оқушы қыз емтихан алдында қатты қобалжып, бірнеше күн бойы тамақ ішпеген
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 24 мамыр – Sputnik. Моздок қаласында (Солтүстік Осетия Республикасы – Алания, Ресей) 15 жастағы қыз негізгі мемлекеттік емтиханды тапсырар алдында қайтыс болды, деп хабарлайды өңірлік "15-й Регион" басылымы.

Министрлік мектептерде емтихан өткізбеуді сұраған депутатқа жауап берді
Аудандық әкімшіліктен мәлімдегендей, қыз аудиторияға кірмей тұрып өзін нашар сезінген. Кезекші дәрігер оған көмектеспек болды, алайда ол ауруханаға барар жолда жан тапсырды.

Mash Telegram-каналының мәліметінше, оқушы жүрек талмасынан көз жұмған. Қыздың жүрегінде бұған дейін де кінәрат болған болуы мүмкін. Бұған қоса, басылымның дерегінше, оқушы қыз емтихан алдында қобалжып, үш күн бойы тамақ ішпеген. Күннің ыстығы да денсаулығына кері әсер еткен болса керек.

Мемлекеттік емтиханды ресейлік оқушылар тоғызыншы сыныпты бітіргеннен кейін тапсырады.