Әлем

Мектеп оқушысы емтихан алдында көз жұмды

© Sputnik / Владислав ВодневМектеп оқушысы, архивтегі сурет
Мектеп оқушысы, архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.05.2021
Жазылу
БАҚ ақпаратынша, оқушы қыз емтихан алдында қатты қобалжып, бірнеше күн бойы тамақ ішпеген

НҰР-СҰЛТАН, 24 мамыр – Sputnik. Моздок қаласында (Солтүстік Осетия Республикасы – Алания, Ресей) 15 жастағы қыз негізгі мемлекеттік емтиханды тапсырар алдында қайтыс болды, деп хабарлайды өңірлік "15-й Регион" басылымы.

Емтихан, архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.05.2021
Қоғам
Министрлік мектептерде емтихан өткізбеуді сұраған депутатқа жауап берді
Аудандық әкімшіліктен мәлімдегендей, қыз аудиторияға кірмей тұрып өзін нашар сезінген. Кезекші дәрігер оған көмектеспек болды, алайда ол ауруханаға барар жолда жан тапсырды.

Mash Telegram-каналының мәліметінше, оқушы жүрек талмасынан көз жұмған. Қыздың жүрегінде бұған дейін де кінәрат болған болуы мүмкін. Бұған қоса, басылымның дерегінше, оқушы қыз емтихан алдында қобалжып, үш күн бойы тамақ ішпеген. Күннің ыстығы да денсаулығына кері әсер еткен болса керек.

Мемлекеттік емтиханды ресейлік оқушылар тоғызыншы сыныпты бітіргеннен кейін тапсырады.

Жаңалықтар
0