Оқиға

Алматы облысында Daewoo мен Toyota бетпе-бет соқтығысты – фото

Жол-көлік апатында бір жолаушы қаза тапты
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 24 мамыр — Sputnik.  Алматы облысында екі көлік бетпе-бет соқтығысты. Оқиға орнында бір жолаушы қаза тапты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Алматы облысында Daewoo мен Toyota бетпе-бет соқтығысты – фото

Ресми мәліметке сәйкес, жол-көлік апаты Қазцик кентіне жақын жерде болған. Toyota қалаға, ал Nexia облысқа қарай келе жатқан.

Алматы облысында Daewoo мен Toyota бетпе-бет соқтығысты – фото

Әзірше, қай көліктің жолдың қарсы бетіне шығып кеткені белгісіз. Алайда соққының қатты болғаны сонша, Toyota Hilux бір бүйіріне қарай жантайып қалды.

Daewoo Nexia-да болған бір жолаушы оқиға орнында көз жұмды. Басқалары ауруханаға жеткізілді. Ал Hilux-тың жүргізушісі қатты зардап шеккен жоқ.

Алматы облысында Daewoo мен Toyota бетпе-бет соқтығысты – фото

Оқиға орнында Алматы облыстық полиция департаментінің мамандары жұмыс істеп жатыр. Олар жол-көлік оқиғасының себептерін және жолды қарсы бетіне шыққан көлік жүргізушісін анықтайды.