Қоғам

Бір тәулікте қанша қазақстандық коронавирус пен пневмониядан қайтыс болды

Ресми мәліметке сәйкес 22 адам COVID-19-дан, тағы үш адам ковидтік пневмониядан қайтыс болған
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 22 мамыр – Sputnik. Қазақстанда бір тәулікте коронавирус пен пневмониядан тағы 25 адам қайтыс болды, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі.

Коронавирус инфекциясынан 22 адам, ал COVID-19 белгілері бар пневмониядан 3 адам көз жұмған.

Бір тәулікте қанша қазақстандық коронавирус пен пневмониядан қайтыс болды

Жалпы коронавирус инфекциясынан қайтыс болғандар саны 3 767 адамға, COVID-19 белгілері бар пневмониядан көз жұмғандар саны 3 335 адамға жетті.