НҰР-СҰЛТАН, 22 мамыр – Sputnik. Қазақстанда бір тәулікте коронавирус пен пневмониядан тағы 25 адам қайтыс болды, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі.
Коронавирус инфекциясынан 22 адам, ал COVID-19 белгілері бар пневмониядан 3 адам көз жұмған.
© Photo : ҚР Денсаулық сақтау министрлігіКоронавирус пен пневмониядан қайтыс болғандар статистикасы
Коронавирус пен пневмониядан қайтыс болғандар статистикасы
© Photo : ҚР Денсаулық сақтау министрлігі
Жалпы коронавирус инфекциясынан қайтыс болғандар саны 3 767 адамға, COVID-19 белгілері бар пневмониядан көз жұмғандар саны 3 335 адамға жетті.