Спорт

Қазақстандық боксшы салмағы 146 килограмм тартатын қарсыласын 1-раундта сұлатты 

Жиырма бір жастағы қазақстандық боксшы кәсіпқой рингтегі үшінші жеңісіне қол жеткізді
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 20 мамыр — Sputnik. Қазақстандық боксшы Данила Семенов (2-0, 1 КО) Ресейде өткен кәсіпқой бокс кешінде жұдырықтасты, деп хабарлады Sports.kz.

Оның қарсыласы салмағы 146 килограмм тартатын Оңтүстік Африка Республикасының тәжірибелі боксшысы Осборн Мачимана  (23-13-2, 17 КО) болды. Бұл супер ауыр салмақтағы жекпе-жек алты раундқа есептелген, бірақ бірінші раундта аяқталды – қазақстандық қарсыласын екі жарым минутта сұлатты. Нокауттың видеосын төменде көруге болады.

Осылайша Данила Семенов кәсіпқой рингтегі үшінші жеңісіне қол жеткізді, оның екеуін нокаутпен ұтып отыр.

Еске сала кетейік, 21 жастағы қазақстандық спортшы кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегін өткен жылдың қазан айында өткізді. Осборн Мачимана карьерасындағы он төртінші жеңілісіне ұшырады.