Видео

"Бәріне дайынбыз": Лавров АҚШ дипломатымен кездесуді қорытындылады – видео

Арктикалық кеңестің сессиясы аясында Исландия астанасы Рейкьявикте Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров пен АҚШ мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкеннің алғашқы бетпе-бет кездесуі өтті
Sputnik

Дипломаттар екі сағатқа жуық ресей-америкалық қатынастар туралы әңгімелесті.

Кедергілердің көптігін және оларды реттеу оңай емес екенін атап өткен Лавров Энтони Блинкен мен оның командасының мұны істеуге бел буғанын сезінгенін жеткізді.

"Жұмыстың бәрі бізден-ақ артылмайды. Президент Владимир Путин бірнеше рет атап өткендей, өзара құрмет пен мүдделер теңдігін іздеу, екіжақты күн тәртібінде тұрған аймақтық және жаһандық проблемаларға, қақтығыстарға, дағдарыстарға қатысты кез-келген мәселені талқылау және шешу үшін біз бәріне дайынбыз", – деді Лавров кездесу қорытындысы туралы сөйлеген сөзінде.

Сонымен қатар, ол кездесудің "сындарлы" болғанын баса айтты.

Сұхбат барысында Лавров пен Блинкен екіжақты ынтымақтастық, стратегиялық тұрақтылық пен "Солтүтсік ағын – 2" жобасы және екі ел президенті кездесуінің болашағы мәселелерін талқылады.

Атап айтқанда, Ресейдің сыртқы саясат ведомствосының басшысы президенттердің кездесуінен кейін екіжақты қарым-қатынасты түзетудің тиімді жолдары анықталатынына үміт білдірді.

Бұған дейін Джо Байден Ресей президентіне осы жазда саммит өткізуді ұсынған болатын. Ұсыныс ресей-америкалық қарым-қатынастың нашарлаған кезеңінде айтылды, бірақ тараптар кездесу туралы әлі келісімге келген жоқ.

Оқи отырыңыз: Отанға оралу: Ржев маңында қазақстандық жауынгерлердің сүйегі табылды – видео

Бұл Американың жаңа мемлекеттік хатшысы мен Ресей сыртқы істер министрінің алғашқы бетпе-бет кездесуі екенін ескерте кеткен жөн.