НҰР-СҰЛТАН, 21 мамыр – Sputnik. Астананың сол жағалауындағы қою түтін қала тұрғындарын дүрліктірді. "Барыс Арена" спорт кешенінің артында қураған шөп тұтанғаны белгілі болды, деп хабарлады Нұр-Сұлтан қаласы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
Өртті сөндіруге он бес өрт сөндіруші мен төтенше жағдайлар департаментінің үш техникасы қатысты.
"Сағат 12:16-да Есіл ауданындағы "Барыс Арена" хоккей стадионының артында түтін шығып жатқаны туралы хабарлама түсті. Өрт сөндірушілер сағат 12:20-да жетіп үлгеріп, шамамен 500 шаршы метр аумақта қураған шөп өртеніп жатқанын анықтады", - деп хабарлады елордалық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
Сағат 13:04-те өрт ауыздықталды.
Нұр-Сұлтанда сауда үйінің жанындағы жеке үй өртенді – видео
Осы аптада елордада хостел өртенді, онда газ баллондары жарылуы мүмкін еді. Өрт сөндірушілер ер адам мен әйелді құтқарды. Өрт 150 шаршы метр аумаққа шарпыды.