Оқиға

Нұр-Сұлтанда "Барыс Аренаның" артындағы қураған шөп өртенді

© Photo : Пресс-служба департамента по чрезвычайным ситуациям Нур-Султана Пожарные на тушении сухостоя
Пожарные на тушении сухостоя  - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.05.2021
Жазылу
Жалын шамамен 500 шаршы метр аумаққа шарпыды. Сағат 13:04-те өрт ауыздықталды

НҰР-СҰЛТАН, 21 мамыр – Sputnik. Астананың сол жағалауындағы қою түтін қала тұрғындарын дүрліктірді. "Барыс Арена" спорт кешенінің артында қураған шөп тұтанғаны белгілі болды, деп хабарлады Нұр-Сұлтан қаласы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Өртті сөндіруге он бес өрт сөндіруші мен төтенше жағдайлар департаментінің үш техникасы қатысты.  

"Сағат 12:16-да Есіл ауданындағы "Барыс Арена" хоккей стадионының артында түтін шығып жатқаны туралы хабарлама түсті. Өрт сөндірушілер сағат 12:20-да жетіп үлгеріп, шамамен 500 шаршы метр аумақта қураған шөп өртеніп жатқанын анықтады", - деп хабарлады елордалық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Сағат 13:04-те өрт ауыздықталды.

Нұр-Сұлтанда сауда үйінің жанындағы жеке үй өртенді – видео

Осы аптада елордада хостел өртенді, онда газ баллондары жарылуы мүмкін еді. Өрт сөндірушілер ер адам мен әйелді құтқарды. Өрт 150 шаршы метр аумаққа шарпыды.  

Жаңалықтар
0