Өңірлер

Қазақстанда облыстардың бірінде санитарлық бекеттер орнатылады – жаңа қаулы шықты

Егер сіз Шығыс Қазақстан облысына эпидемиологиялық жағдайдың "қызыл" аймағынан келсеңіз, санитарлық бекеттерден ПТР анықтама немесе вакциналау паспорты болған жағдайда ғана өте аласыз
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 20 мамыр – Sputnik. Шығыс Қазақстан облысының бас санитар дәрігерінің жаңа қаулысы жарияланды.

Құжатта Өскемен мен Семей эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес коронавирусты жұқтыру деңгейі жоғарылаған ("қызыл" аймақ) өңірлерге жатқызылғаны айтылған.

Шығыс Қазақстан облысының бүкіл аумағында шектеу шаралары 24 мамырдан 6 маусымға дейін ұзартылды.

Әкімдіктер мен мүдделі ведомстволарға төмендегі жұмыстарды қамтамасыз ету тапсырылды:

  • Алматы облысы жақтан Шығыс Қазақстан облысының сыртқы шекараларына кіріп/шығуды бақылау үшін 2 санитарлық бекет;
  • Қарағанды ​​облысы жақтан Шығыс Қазақстан облысының сыртқы шекараларына кіріп/шығуды бақылау үшін 1 санитарлық бекет;
  •  "Ауыл", "Үбі", "Бақты", "Майқапшағай" бақылау-өткізу пункттерінде Қазақстанның мемлекеттік шекарасы арқылы өтетін автокөлік өткелдерінде 4 санитарлық бекет (Шемонаиха, Бородулиха, Үржар, Зайсан аудандары – 1 бірліктен).  

Сондай-ақ, медицина, халықтың тіршілігін қамтамасыз ету ұйымдарының, төтенше жағдайлар қызметтері, құқық қорғау органдарының қызметкерлерін, денсаулығына байланысты жол жүріп бара жатқан тұрғындарды қоспағанда, азаматтардың облыс аумағына кіріп/шығуына тыйым салынды.

Оқи отырыңыз: Вакцинадан кейін коронавирус жұқтырғандар саны артты 

Сонымен қатар, қауіпті аймақтан ("қызыл" аймақтан) келетіндерге ПТР тестің COVID-19 инфекциясына қарсы теріс нәтиже көрсеткені туралы анықтама немесе вакциналау паспортының электронды нұсқасы қажет.

Қаулы 23 мамырда күшіне енеді. Толық мәтінді мына жерден оқыңыз.