Қоғам

Жазғы демалыс маусымы: вице-премьер карантиндік шектеулер туралы сұраққа жауап берді

Алексей Цойдың айтуынша, бетперде кию режимін алып тастау үшін елде ұжымдық иммунитет кемінде 60 пайызға жетуге тиіс
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 20 мамыр – Sputnik. Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов жазғы демалыс маусымында жаңа шектеу шараларын енгізу жоспарда жоқ екенін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Санитарлық талаптарды сақтайтын адамдар үшін ешқандай шектеу жоқ. "Ashyq" бағдарламасына қосылған бизнес нысандар да еш шектеусіз жұмыс істей алады. Вакцина алған адамдар да дәл солай", – деді вице-премьер сенат отырысының алдында Sputnik Қазақстан тілшісіне.

Ал жағажайға демалуға барғандардан ПТР-тест, бетперде талап етіле ме деген сұраққа жалпылама жауап берді.

"Әр курорттық аймақ, шипажай санитарлық талаптарды сақтауға тиіс. Елдің бас санитар дәрігерінің қаулысында бұл талаптар жазылған. Сол себепті бұл бағытта ешқандай шектеу болуы мүмкін емес. Бірақ олар барлық талапты сақтауға міндетті", – деді Тоғжанов.

Оқи отырыңыз: Түркияға демалыс турларын сату тоқтатылған жоқ - туроператорлар қауымдастығы

Бұған дейін денсаулық сақтау министрлігі вакцина салдырған адамдарға масканы шешуге рұқсат етілмейтінін мәлімдеді. Ведомство басшысы Алексей Цойдың айтуынша, бетперде кию режимін алып тастау үшін елде ұжымдық иммунитет кемінде 60 пайызға жетуге тиіс.