НҰР-СҰЛТАН, 20 мамыр — Sputnik. Нұр-Сұлтанда "Англетер" тұрғын үй кешенінің аумағында құрылысшы биіктіктен құлап кетті. Оқиға орнында түсірілген видео әлеуметтік желіде жарияланды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
"Қайырлы таң, жігіттер! Мына жақта монолитші құлап кетті", - дейді видео авторы.
Полиция құрылысшының құлағанын растады. Ресми мәліметке сәйкес, ер адамның жасы – 36-да. Оны сағат 11:08-де сан алуан жарақатпен ауруханаға жеткізген. Сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды.
Айта кетейік, "Англетер" тұрғын үй кешені Есілдің сол жағалауында Хусейн Бен Талал көшесінде салынып жатыр.