Елорда тынысы

Нұр-Сұлтанда құрылысшы биіктіктен құлап кетті – видео

© Sputnik / Владислав ВодневСнос ЖК "Территория комфорта"
Снос ЖК Территория комфорта  - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.05.2021
Жазылу
Әлеуметтік желіде тараған видеода жерде жатқан құрылысшыны көруге болады

НҰР-СҰЛТАН, 20 мамыр — Sputnik. Нұр-Сұлтанда "Англетер" тұрғын үй кешенінің аумағында құрылысшы биіктіктен құлап кетті. Оқиға орнында түсірілген видео әлеуметтік желіде жарияланды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Қайырлы таң, жігіттер! Мына жақта монолитші құлап кетті", - дейді видео авторы.

Полиция құрылысшының құлағанын растады. Ресми мәліметке сәйкес, ер адамның жасы – 36-да. Оны сағат 11:08-де сан алуан жарақатпен ауруханаға жеткізген. Сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды.

Айта кетейік, "Англетер" тұрғын үй кешені Есілдің сол жағалауында Хусейн Бен Талал көшесінде салынып жатыр.

Жаңалықтар
0