Қоғам

Назарбаев қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізеді

Жиында Қарулы күштерді құру және дамыту тұжырымдамасы, шекарадағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері қаралады
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 19 мамыр — Sputnik. Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев кеңестің отырысын өткізеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Назарбаев қазақстандықтарға үндеу жасады
Бұған дейін хабарланғандай, отырыс 19 мамырға жоспарланған. Жиында екі мәселе қаралады: біріншісі – Қарулы күштерді құру және дамыту тұжырымдамасы туралы, екіншісі –  шекарадағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөнінде.

Кеңес хатшысы Әсет Исекешевтің мәліметінше, бірінші мәселе бойынша қорғаныс министрлігімен бірлесе отырып, негізгі басым бағыттар мен іске асыру кезеңдері анықталды. Сондай-ақ үкіметпен бірге қаржыландыру және тұжырымдаманы іске асыруға қорғаныс өнеркәсібі кешеніндегі кәсіпорындардың қатысуы мәселелері қаралды.

Сонымен қатар, қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев бұған дейін қауіпсіздік кеңесінің төрағасына жаңа тұжырымдама жобасында көрініс тапқан  армияны құрудың негізгі бағыттары туралы толық ақпарат ұсынды.