Қоғам

Қазақстандықтар пандемия кезінде қай елдерге ұша алады

Қазақстаннан аптасына он үш елге қырық бағыт бойынша тұрақты әуе рейстері орындалады
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 18 мамыр – Sputnik. Қазіргі таңда Қазақстаннан 13 елге халықаралық әуе рейстері орындалады, деп хабарлайды индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі.

Ведомствоның ақпаратынша, аптасына он үш елге 40 бағыт бойынша 117 тұрақты әуе рейсі жасалады.

  • Түркия – аптасына 12 рейс;
  • БАӘ – аптасына 31 рейс;
  • Өзбекстан – аптасына 22 рейс;
  • Ресей – аптасына 10 рейс;
  • Қырғызстан – аптасына 7 рейс;
  • Беларусь – аптасына 4 рейс;
  • Украина – аптасына 4 рейс;
  • Германия –  аптасына 9 рейс;
  • Грузия – аптасына 9 рейс;
  • Тәжікстан – аптасына 2 рейс;
  • Оңтүстік Корея – аптасына 2 рейс;
  • Египет – аптасына 2 чартерлік рейс;
  • Мальдив аралдары – аптасына 3 рейс.

Бұған дейін Қазақстан бес ел – Черногория, БАӘ, Қырғызстан, Өзбекстан және Нидерланды бағыттары бойынша тұрақты халықаралық әуе рейстерін ашатыны және ұлғайтатыны хабарланды.