НҰР-СҰЛТАН, 18 мамыр – Sputnik. Невролог-дәрігер Александр Евдокимов құлақтың шыңылдауы ағзадағы көптеген аурулардың белгісі болуы мүмкін дейді. Бұл туралы ол "Пятый канал" басылымына берген сұхбатында айтты.
Оның айтуынша, ондай аурулардың арасында ең көп тарағаны - ЛОР патологиясы.
"Бұл қабыну ауруы, есту жүйкесі, ми қабығындағы есту орталықтарында әртүрлі зақымдану болуы мүмкін екенін білдіреді", - деп түсіндірді Евдокимов.
Құлақтағы шудың тағы бір ықтимал себебі шықшыт буынының қабынуы немесе әрекетсіздігі, сондай-ақ мойын омыртқасы мен атеросклероз сияқты тамыр аурулары болуы мүмкін деп түсіндірді маман.
"Құлақтың шыңылдауы дәрі-дәрмек қабылдауға да байланысты болады. Егер сіз ұзақ уақыт дәрі қабылдап, кенет құлағыңыз шыңылдаса, дәрігермен кеңесіңіз", - дейді невролог. Евдокимов құлақтың шыңылдауы қант диабетін де қоздыратынын баса айтты.
Оқи отырыңыз: Дәрігер балалар үшін өте қауіпті жеміс туралы айтты
Осындай жағдай туындаған жағдайда невролог бірінші кезекте қан қысымын өлшеуге кеңес берді, өйткені қан қысымы көтерілгенде немесе төмендегенде құлақ шыңылдауы мүмкін.