Денсаулық

Құлақ неге шыңылдайды – дәрігер жауап берді

CC0 / / Ухо младенца, иллюстративное фото
Ухо младенца, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.05.2021
Жазылу
Маман құлақтың шыңылдауы мен басқа дене мүшелерінің созылмалы ауруларының байланысы бар екенін айтады

НҰР-СҰЛТАН, 18 мамыр – Sputnik. Невролог-дәрігер Александр Евдокимов құлақтың шыңылдауы ағзадағы көптеген аурулардың белгісі болуы мүмкін дейді. Бұл туралы ол "Пятый канал" басылымына берген сұхбатында айтты.

Оның айтуынша, ондай аурулардың арасында ең көп тарағаны - ЛОР патологиясы.

"Бұл қабыну ауруы, есту жүйкесі, ми қабығындағы есту орталықтарында әртүрлі зақымдану болуы мүмкін екенін білдіреді", - деп түсіндірді Евдокимов.

Құлақтағы шудың тағы бір ықтимал себебі шықшыт буынының қабынуы немесе әрекетсіздігі, сондай-ақ мойын омыртқасы мен атеросклероз сияқты тамыр аурулары болуы мүмкін деп түсіндірді маман.  

"Құлақтың шыңылдауы дәрі-дәрмек қабылдауға да байланысты болады. Егер сіз ұзақ уақыт дәрі қабылдап, кенет құлағыңыз шыңылдаса, дәрігермен кеңесіңіз", - дейді невролог. Евдокимов құлақтың шыңылдауы қант диабетін де қоздыратынын баса айтты.

Оқи отырыңыз: Дәрігер балалар үшін өте қауіпті жеміс туралы айтты

Осындай жағдай туындаған жағдайда невролог бірінші кезекте қан қысымын өлшеуге кеңес берді, өйткені қан қысымы көтерілгенде немесе төмендегенде құлақ шыңылдауы мүмкін.

Жаңалықтар
0