Видео

Нұр-Сұлтанда веложолдар қай жерде, қалай салынып жатыр – видео

Елорда әкімдігі 2023 жылға қарай 123 шақырым веложол салуды жоспарлап отыр. Ал бұл үш марафонға тең түсетін қашықтық
Sputnik

Велосипед инфрақұрылымын кеңейту жобасын алдағы үш жыл ішінде жүзеге асыру жоспарланған. Ал оны орындау елорданың қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасына жүктелген.

Сондай-ақ, қала басшылығының мәліметі бойынша осы жылы Абылайхан даңғылы мен Мұстафин көшесі, Құдайбердіұлы және Қошқарбаев көшесінің қиылысында жалпы ұзындығы 46,4 шақырым жол мен 22 велотұрақ салу жұмысы басталады.

Оқи отырыңыз: Зейнеткерлерге арналған виртуалды саяхат – видео

Биыл веложолдар басқа да аудандарда пайда болады. Атап айтқанда:

  • Момышұлы даңғылы, Қошқарбаев, Айнакөл көшесі;
  • Байтұрсынов пен Қалдаяқов көшесі, Тәуелсіздік даңғылы;
  • Пушкин, Амман, Тоқпанов, Қажымұқан, Сәтбаев көшесі мен Жұмабаев даңғылының бойында.

Әкімдікте келесі жылы 35,908 шақырым велосипед жолы мен 18 тұрақ, ал 2023 жылы 39,4 шақырым жол мен 11 тұрақ салу жоспарланған.