Велосипед инфрақұрылымын кеңейту жобасын алдағы үш жыл ішінде жүзеге асыру жоспарланған. Ал оны орындау елорданың қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасына жүктелген.
Сондай-ақ, қала басшылығының мәліметі бойынша осы жылы Абылайхан даңғылы мен Мұстафин көшесі, Құдайбердіұлы және Қошқарбаев көшесінің қиылысында жалпы ұзындығы 46,4 шақырым жол мен 22 велотұрақ салу жұмысы басталады.
Оқи отырыңыз: Зейнеткерлерге арналған виртуалды саяхат – видео
Биыл веложолдар басқа да аудандарда пайда болады. Атап айтқанда:
- Момышұлы даңғылы, Қошқарбаев, Айнакөл көшесі;
- Байтұрсынов пен Қалдаяқов көшесі, Тәуелсіздік даңғылы;
- Пушкин, Амман, Тоқпанов, Қажымұқан, Сәтбаев көшесі мен Жұмабаев даңғылының бойында.
Әкімдікте келесі жылы 35,908 шақырым велосипед жолы мен 18 тұрақ, ал 2023 жылы 39,4 шақырым жол мен 11 тұрақ салу жоспарланған.