Саясат

Тоқаев пен Әлиев Арменияның ҰҚШҰ-ға жасаған үндеуін талқылады

Ильхам Әлиевтің баспасөз қызметі Арменияның ҰҚШҰ-ға жасаған үндеуін "ақылға қонымсыз реакция" деп атады
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 17 мамыр – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев әзербайжандық әріптесі Ильхам Әливпен Армения шекарасындағы жағдайды сондай-ақ, Ереванның ҰҚШҰ-ға жолдаған үндеуін талқылады, деп хабарлайды РИА Новости.

Атап айтқанда, екі елдің басшылары Сюник облысындағы "шекараны нақтылау" шараларын талқыға салды. Дәл осы мәселе Арменияның алаңдаушылығын туғызып отыр. Ереван шекараға Әзербайжанның әскери құрылымдарының жақындап келе жатқанын мәлімдеді. Содан Армения премьер-министрінің міндетін атқарушы Никол Пашинян Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымына мүше мемлекеттермен консультация өткізуге тапсырма берді.   

Ал Тоқаевпен сөйлескен Ильхам Әлиев Арменияның "осы процеске орай ақылға қонымсыз әрекет жасап жатқанын" мәлімдеді.

"Арменияның ҰҚШҰ-ына жасаған үндеуі осы мәселені интернациоландыруды көздейді. Оның еш негізі жоқ. Шекарада қақтығыстар болған жоқ. Жағдай тұрақты, келіссөздер жалғасып жатыр", – делінген Әзербайжан президентінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Айта кетейік, бүгін таңертең Пашинян Тоқаевпен телефон арқылы сөйлесіп, Әзербайжанның Армения аумағына қол сұғушылығына жол беруге болмайтынын жеткізді.

Оқи отырыңыз: Армения көлік сатып алған қазақстандықтарға ескерту жасады