Саясат

Тоқаев пен Пашинян Армения шекарасындағы жағдай туралы әңгімелесті

© Sputnik / Владислав ВодневПремьер-министр Армении Никол Пашинян на расширенном заседании ВЕЭС
Премьер-министр Армении Никол Пашинян на расширенном заседании ВЕЭС - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.05.2021
Жазылу
Армения премьер-министрінің ресми сайтында Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымына мүше мемлекет басшысымен келіссөз жүргізілгені туралы жазылған

НҰР-СҰЛТАН, 17 мамыр — Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Армения премьер-министрінің міндетін атқарушы Никол Пашинян телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлады Армения Республикасы премьер-министрінің ресми сайты

Ресми мәліметке сәйкес, Тоқаев пен Пашинян армян-әзербайжан шекарасындағы жағдайды талқылады.

"Никол Пашинян Әзербайжанның Армения аумағына қол сұғушылығына жол беруге болмайтынын жеткізіп, осы мәселені шешу мақсатында ҰҚШҰ бойынша әріптестердің ұстанымын салыстырудың маңыздылығын атап өтті", - делінген ресми хабарламада.

Тоқаев: біздің міндетіміз – халықтарымыздың арасына сына қағылуына жол бермеу

Айта кетейік, 12 мамырда Арменияның қорғаныс министрлігі Сюникс облысында Севлич көліне жақын жерде Әзербайжанның қарулы күштері құрылымдарының шекараға қарай шыққанын мәлімдеді. "Олар "шекараны нақтылау" үшін белгілі бір жұмыстарды атқаруға тырысты" деген ақпарат болған. Осыдан кейін Армения Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымына ресми үндеу жолдады. Бұл ұйымға Қазақстан да кіреді.

Жаңалықтар
0