НҰР-СҰЛТАН, 17 мамыр – Sputnik. Атырау қаласында 42 жастағы әйел тоғызыншы қабаттың терезесінен секіріп кетті.
Атырау облысы полиция департаментінің мәліметінше, оқиға 15 мамыр сағат 14:52 шамасында болды.
"1979 жылы туған әйел Алмагүл шағын ауданындағы № 9 үйдің 9-шы қабатынан секіріп көз жұмды. Мәйіт сараптамаға жіберілді", - делінген хабарламада.
Бұл факті бойынша Қылмыстық кодекстің 105-бабы 1-тармағы "Өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу" бойынша тергеу жүріп жатыр.
Бұған дейін Батыс Қазақстан облысында 83 жастағы зейнеткер екінші қабаттың балконынан секіріп кеткен еді. Ер адам жедел жәрдем келгенге дейін қайтыс болды.