Оқиға

Атырауда 42 жастағы әйел тоғызыншы қабаттан секіріп кетті

CC0 / Pexels / Көпқабатты үй, архивтегі сурет
Көпқабатты үй, архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.05.2021
Жазылу
Қазір полиция Қылмыстық кодекстің "Өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу" бабы бойынша тергеу амалдарын жүргізіп жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 17 мамыр – Sputnik. Атырау қаласында 42 жастағы әйел тоғызыншы қабаттың терезесінен секіріп кетті.

Старый мост хотят сделать пешеходным в Петропавловске - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.05.2021
Өңірлер
Оралда 20 жастағы қыз көпірден секіріп кетті
Атырау облысы полиция департаментінің мәліметінше, оқиға 15 мамыр сағат 14:52 шамасында болды.

"1979 жылы туған әйел Алмагүл шағын ауданындағы № 9 үйдің 9-шы қабатынан секіріп көз жұмды. Мәйіт сараптамаға жіберілді", - делінген хабарламада.

Бұл факті бойынша Қылмыстық кодекстің 105-бабы 1-тармағы "Өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу" бойынша тергеу жүріп жатыр.

Бұған дейін Батыс Қазақстан облысында 83 жастағы зейнеткер екінші қабаттың балконынан секіріп кеткен еді. Ер адам жедел жәрдем келгенге дейін қайтыс болды.

Жаңалықтар
0