Біраз бұрын хабарлағанымыздай, мумия 1826 жылы Мысырдан Варшаваға жеткізілді. Саркофагтың ішінде Гор-Джехути есімді абыз жатқаны жазылған.
Алайда кейіннен артефакты мұқият зерттеу барысында бұл көне мысырлық дін қызметкері емес, құрсағында баласы бар жас әйел екені белгілі болды.
Мысыртанушы поляк ғалымдары үшін зерттеу нәтижесі ерекше жаңалыққа айналды. Тың ақпарат "ғаламшардың ең көне тұрғындары" туралы толығырақ білуге мүмкіндік береді.
Оқи отырыңыз: Биіктігі үш метрге жетеді: Мысырда 3 мың жыл бұрын жоғалған қала табылды – фото
Осы ғылыми жаңалықтың арқасында сол заманда қандай ауру көп тарағаны және оларды емдеу жолдары туралы көбірек білуге мүмкіндік туды.
Мумиялау кезінде әйелдің құрсағында жатқан балаға тимегені бұл олжаны өзгелерден ерекшелеп тұр. Бұл құжатта "жүкті" деп көрсетілген әлемдегі алғашқы мумия.
Мумия мысырлық Фивы қаласында табылған және ол біздің дәуірімізге дейінгі І ғасырға жататыны белгілі болды.
Құпияға толы олжаның суреттерін төмендегі материалдан көріңіз.