Фотоаппарат - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.02.2022
Фото
Әлем және Қазақстан жаңалықтары - суреттер сөйлейді

Әлемдегі жалғыз жүкті мумия – құпияға толы фото

Жазылу
Поляк ғалымдарының жаңалығы дүйім жұртты таңғалдырып, археология және антропология саласында үлкен шу шығарды. Варшавадағы ұлттық музейде сақтаулы тұрған мумия әлемдегі алғашқы жүкті мумия ретінде құжат түрінде тіркелді. Артефакт жайлы суреттер топтамасынан тамашалаңыз

Біраз бұрын хабарлағанымыздай, мумия 1826 жылы Мысырдан Варшаваға жеткізілді. Саркофагтың ішінде Гор-Джехути есімді абыз жатқаны жазылған.

Алайда кейіннен артефакты мұқият зерттеу барысында бұл көне мысырлық дін қызметкері емес, құрсағында баласы бар жас әйел екені белгілі болды.

Мысыртанушы поляк ғалымдары үшін зерттеу нәтижесі ерекше жаңалыққа айналды. Тың ақпарат "ғаламшардың ең көне тұрғындары" туралы толығырақ білуге мүмкіндік береді.

Оқи отырыңыз: Биіктігі үш метрге жетеді: Мысырда 3 мың жыл бұрын жоғалған қала табылды – фото

Осы ғылыми жаңалықтың арқасында сол заманда қандай ауру көп тарағаны және оларды емдеу жолдары туралы көбірек білуге мүмкіндік туды.

Мумиялау кезінде әйелдің құрсағында жатқан балаға тимегені бұл олжаны өзгелерден ерекшелеп тұр. Бұл құжатта "жүкті" деп көрсетілген әлемдегі алғашқы мумия.

Мумия мысырлық Фивы қаласында табылған және ол біздің дәуірімізге дейінгі І ғасырға жататыны белгілі болды.

Құпияға толы олжаның суреттерін төмендегі материалдан көріңіз.

© Photo : B. Bajerski / The National Museum of WarsawБастапқыда бұл мумияны көне мысырлық абыз Гор-Джехутидың мәйіті деп санады. Бірақ кейінірек ол жүкті әйел екені белгілі болды.
Радиологическая экспертиза древней мумии, которая была обнаружена в королевских гробницах в Верхнем Египте, доказала, что это тело беременной женщины - Sputnik Қазақстан
1/12
Бастапқыда бұл мумияны көне мысырлық абыз Гор-Джехутидың мәйіті деп санады. Бірақ кейінірек ол жүкті әйел екені белгілі болды.
© Photo : Warsaw Mummy ProjectҒалымдардың айтуынша, мумиялау кезінде әйелдің құрсағындағы балаға тиіспеген.
Радиологическая экспертиза древней мумии, которая была обнаружена в королевских гробницах в Верхнем Египте, доказала, что это тело беременной женщины - Sputnik Қазақстан
2/12
Ғалымдардың айтуынша, мумиялау кезінде әйелдің құрсағындағы балаға тиіспеген.
© Photo : B. Bajerski / The National Museum of WarsawБұл қазіргі уақытта әлемдегі құрсағында баласы бар жалғыз мумия. Ол Жоғарғы Мысырдың патшалар мазарынан табылған.
Радиологическая экспертиза древней мумии, которая была обнаружена в королевских гробницах в Верхнем Египте, доказала, что это тело беременной женщины - Sputnik Қазақстан
3/12
Бұл қазіргі уақытта әлемдегі құрсағында баласы бар жалғыз мумия. Ол Жоғарғы Мысырдың патшалар мазарынан табылған.
© Photo : Olek Leydo / Warsaw Mummy ProjectАрхеологтар бұл олжаның маңыздылығын жоғары бағалап, ол "көне тұрғындардың денсаулығы" туралы толығырақ ақпарат алуға мүмкіндік беретінін айтуда.
Радиологическая экспертиза древней мумии, которая была обнаружена в королевских гробницах в Верхнем Египте, доказала, что это тело беременной женщины - Sputnik Қазақстан
4/12
Археологтар бұл олжаның маңыздылығын жоғары бағалап, ол "көне тұрғындардың денсаулығы" туралы толығырақ ақпарат алуға мүмкіндік беретінін айтуда.
© Photo : B. Bajerski / The National Museum of WarsawВаршава университеті мумиясы бар саркофагты 1826 жылы сыйлыққа алды. 1917 жылдан бастап ол Ұлттық музейде сақталып келді.
Радиологическая экспертиза древней мумии, которая была обнаружена в королевских гробницах в Верхнем Египте, доказала, что это тело беременной женщины - Sputnik Қазақстан
5/12
Варшава университеті мумиясы бар саркофагты 1826 жылы сыйлыққа алды. 1917 жылдан бастап ол Ұлттық музейде сақталып келді.
© Photo : Warsaw Mummy ProjectМумияның өзі Фивыда табылған және оны ғалымдар біздің дәуірімізге дейінге І ғасырға жатқызды. 2016 жылы сарапшылар компьютерлік сканерлеу жүргізді.
Радиологическая экспертиза древней мумии, которая была обнаружена в королевских гробницах в Верхнем Египте, доказала, что это тело беременной женщины  - Sputnik Қазақстан
6/12
Мумияның өзі Фивыда табылған және оны ғалымдар біздің дәуірімізге дейінге І ғасырға жатқызды. 2016 жылы сарапшылар компьютерлік сканерлеу жүргізді.
© Photo : Warsaw Mummy ProjectМамандар мумияны зерттеу үшін заманауи технологияларды қолданды.
Радиологическая экспертиза древней мумии, которая была обнаружена в королевских гробницах в Верхнем Египте, доказала, что это тело беременной женщины  - Sputnik Қазақстан
7/12
Мамандар мумияны зерттеу үшін заманауи технологияларды қолданды.
© Photo : Olek Leydo / Warsaw Mummy ProjectМумияны сканерлеу түрлі фильтрлердің көмегімен барлық бөлшекті қарастыруға мүмкіндік беретін жаңа томографтың көмегімен жүргізілді.
Радиологическая экспертиза древней мумии, которая была обнаружена в королевских гробницах в Верхнем Египте, доказала, что это тело беременной женщины - Sputnik Қазақстан
8/12
Мумияны сканерлеу түрлі фильтрлердің көмегімен барлық бөлшекті қарастыруға мүмкіндік беретін жаңа томографтың көмегімен жүргізілді.
© Photo : Warsaw Mummy ProjectҒалымдардың ақпараты бойынша, әйел адам жүктіліктің 26-30 аптасында көз жұмған. Тістеріне жүргізілген зерттеу болашақ ананың жасы 30-дан үлкен болмағанын анықтады.
Радиологическая экспертиза древней мумии, которая была обнаружена в королевских гробницах в Верхнем Египте, доказала, что это тело беременной женщины  - Sputnik Қазақстан
9/12
Ғалымдардың ақпараты бойынша, әйел адам жүктіліктің 26-30 аптасында көз жұмған. Тістеріне жүргізілген зерттеу болашақ ананың жасы 30-дан үлкен болмағанын анықтады.
© Photo : Olek Leydo / Warsaw Mummy ProjectҚұрсақтағы баланың жынысын анықтау мүмкін болмады.
Радиологическая экспертиза древней мумии, которая была обнаружена в королевских гробницах в Верхнем Египте, доказала, что это тело беременной женщины - Sputnik Қазақстан
10/12
Құрсақтағы баланың жынысын анықтау мүмкін болмады.
© Photo : Olek Leydo / Warsaw Mummy ProjectҒалымдар жүкті әйел босану кезінде қайтыс болған деп пайымдады.
Радиологическая экспертиза древней мумии, которая была обнаружена в королевских гробницах в Верхнем Египте, доказала, что это тело беременной женщины - Sputnik Қазақстан
11/12
Ғалымдар жүкті әйел босану кезінде қайтыс болған деп пайымдады.
© Photo : Warsaw Mummy ProjectКөне мысырлардың нанымы бойынша, қайтыс болған адамның денесін о дүниедегі өмірдегі нығмет күніне дейін сақтау керек болған. Әдетте Көне Мысырда мумиялау процесі кезінде адамның барлық ішкі органы сыртқа шығарылған.
Радиологическая экспертиза древней мумии, которая была обнаружена в королевских гробницах в Верхнем Египте, доказала, что это тело беременной женщины  - Sputnik Қазақстан
12/12
Көне мысырлардың нанымы бойынша, қайтыс болған адамның денесін о дүниедегі өмірдегі нығмет күніне дейін сақтау керек болған. Әдетте Көне Мысырда мумиялау процесі кезінде адамның барлық ішкі органы сыртқа шығарылған.
Жаңалықтар
0