Видео

Елорда әуежайында Ashyq қосымшасы іске қосылды – видео  

Ashyq бағдарламасы қосылған үш күн ішінде әуежайда "қызыл" статусы бар 24, "сары" статусы бар 23 жолаушы анықталды
Sputnik

12 мамырдан бастап елорда әуежайында Ashyq пилоттық жобасы іске қосылған болатын.

Бұл ретте әуежай ғимаратына кіру үшін жолаушы QR-кодты сканерлеп, өз статусын әуежай қызметкеріне кіреберісте көрсетуі тиіс, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне сілтеме жасай отырып.

Жолаушыда смартфон болмаған жағдайда әуежай қызметкері ақпараттық жүйеде ЖСН арқылы оның статусын тексереді. Шетел азаматтарының статусы паспорт нөмірін енгізу арқылы бақыланады.

Оқи отырыңыз: Ashyq арқылы адамның қай жерге барғанын бақылай ма – министрлік жауабы

Жолаушыларға статус "ПТР-зерттеулердің бірыңғай интеграциялық порталы" және "Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрлігінің COVID-19 бақылау орталығы" ақпараттық жүйелерімен салыстыру негізінде беріледі.