12 мамырдан бастап елорда әуежайында Ashyq пилоттық жобасы іске қосылған болатын.
Бұл ретте әуежай ғимаратына кіру үшін жолаушы QR-кодты сканерлеп, өз статусын әуежай қызметкеріне кіреберісте көрсетуі тиіс, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне сілтеме жасай отырып.
Жолаушыда смартфон болмаған жағдайда әуежай қызметкері ақпараттық жүйеде ЖСН арқылы оның статусын тексереді. Шетел азаматтарының статусы паспорт нөмірін енгізу арқылы бақыланады.
Оқи отырыңыз: Ashyq арқылы адамның қай жерге барғанын бақылай ма – министрлік жауабы
Жолаушыларға статус "ПТР-зерттеулердің бірыңғай интеграциялық порталы" және "Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрлігінің COVID-19 бақылау орталығы" ақпараттық жүйелерімен салыстыру негізінде беріледі.