НҰР-СҰЛТАН, 15 мамыр – Sputnik. Қазақстанда соңғы тәулікте коронавирустың салдарынан 22 адам қайтыс болды. Тағы бір адам COVID-19 белгілері бар пневмониядан ажал құшты.
Сонымен қатар, 39 316 адам (38 769 КВИ+ және 547 КВИ-) қауіпті инфекциядан емделіп жатыр.
- КВИ+ және КВИ пациенттерінің арасында:
- 798 науқас ауыр жағдайда;
- 185 адам өте ауыр жағдайда жатыр;
- 107 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.
Сондай-ақ, Қазақстанда тағы 130 адам коронавирустың белгілері бар певмонияға шалдыққаны хабарланды. 2020 жылдың 1 тамызынан бастап барлығы 54 014 науқас тіркелді.
Өткен тәулікте Қазақстанда 2,5 мыңнан астам адамның COVID-19 жұқтырғаны ПТР-тестпен расталды.