Қоғам

Өткен тәулікте жиырмадан астам адам коронавирустан қайтыс болды

© Photo : Пресс-служба акимата Алматы Новый модульный инфекционный стационар в Алматы рассчитан на 300 коек
Новый модульный инфекционный стационар в Алматы рассчитан на 300 коек - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.05.2021
Жазылу
Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус пен COVID-19 белгілері бар пневмониядан қайтыс болғандардың статистикасын жаңартты

НҰР-СҰЛТАН, 15 мамыр – Sputnik. Қазақстанда соңғы тәулікте коронавирустың салдарынан 22 адам қайтыс болды. Тағы бір адам COVID-19 белгілері бар пневмониядан ажал құшты.

Сонымен қатар, 39 316 адам (38 769 КВИ+ және 547 КВИ-) қауіпті инфекциядан емделіп жатыр.

  • КВИ+ және КВИ пациенттерінің арасында:
  •  798 науқас ауыр жағдайда;
  • 185 адам өте ауыр жағдайда жатыр;
  • 107 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.

Сондай-ақ, Қазақстанда тағы 130 адам коронавирустың белгілері бар певмонияға шалдыққаны хабарланды. 2020 жылдың 1 тамызынан бастап барлығы 54 014 науқас тіркелді.

Өткен тәулікте Қазақстанда 2,5 мыңнан астам адамның COVID-19 жұқтырғаны ПТР-тестпен расталды.   

Жаңалықтар
0