АЛМАТЫ, 14 мамыр – Sputnik. Белгілі әзілкеш Қанат Әлжаппаров қызды болды. Бұл оның бесінші сәбиі, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Сүйінші жаңалықты әзілкеш әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.
"Бүгін мен үшін қуанышты жаңалық болды. Бес баланың әкесі атанып жатырмын. Қыз бала дүниеге келді. Құттықтап жатқан барлық досыма алғысымды айтамын. Баршаңызға жұғысты болсын. Сіздер де сәбилі болыңыздар", - деді әзілкеш.
Оқи отырыңыз: 25 жастағы әйел бірден тоғыз бала дүниеге әкелді
Айта кетейік, Қанат Әлжаппаров пен Нұргүл Құдайбергенованың шаңырақ көтергеніне биыл 12 жыл болды. Өнерпаздың екі ұл, үш қызы бар.