Фото

Әлем мұсылмандары Ораза айтты қалай атап өтті – мерекелік фото

Sputnik

Таң қылаң берген шақта мұсылмандар тұратын әрбір елдегі мешіттерде айт намазы оқылды

Қазақстанда Айт намазы коронавирустан қорғайтын шараларды сақтай отырып, таза ауада өтті. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жариялаған ережеге сәйкес, намаз оқу кезінде барлық дұға етушілер бетперде тағуы керек және намаздан кейін қол алысуға тыйым салынды. Өткен жылы карантинге байланысты жамағатпен намаз оқу болған жоқ.

Оқи отырыңыз: Биыл Қазақстанда Құрбан айт қашан және қалай аталып өтеді

Әлем бойынша миллиондаған діндар мешітке келіп, Рамазан айының аяқталуына орай Аллаға құлшылық етті.

Бұл діни мереке кезінде игі істер жасап, айналадағы адамдарға қамқорлық таныту керек. Сонымен қатар мұқтаж жандарға қол ұшын созып, көмек көрсетудің де сауабы мол. Кешірім сұрап, жақсылық тілеу – Ораза айттың  басты қағидасы.

Әлем мұсылмандары Ораза айтты қалай қарсы алғаны туралы төмендегі материалда.

1 / 18
Ирактың Басра қаласында әйел адам Ораза айттың бірінші күнінде пісірілген тәттіні алып барады. Бұл мұсылмандар үшін қасиетті Рамазан айының аяқталуына орайластырылған діни мереке.
2 / 18
Қазақстан мұсылмандары да Ораза айтты мерекелеуде. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының талаптарына сәйкес, мерекелік Айт намазы мешіт жанындағы аумақта, таза ауада өтті.
3 / 18
Индонезиялық Сурабаядағы (Шығыс Ява) Әл-Акбар мешітінде Айт намазы кезінде мұсылмандардың құлшылық етуі барысында арақашықтықтың сақталуы қатаң қадағаланды.
4 / 18
Палестина тұрғыны мұсылмандар үшін киелі жер саналатын Жартас күмбезі жанында суретке түсіп тұр. Ол Иерусалимдегі Храм тауында, әлемдегі ең көне мешіт әл-Ақсаның қасында орналасқан.
5 / 18
Бейжіңдегі бетперде таққан мұсылмандар Айт намазының алдында Қытай астанасындағы Нюцзе мешітінің жанына жиналуда.
6 / 18
Австралияның астанасы Сиднейдегі мұсылмандар Айт намазын Лакемба мешітінің ішінде орындады. Дұға жасалғаннан кейін коронавирустың таралуына жол бермеу мақсатында мешітке келушілердің тез арада тарауын өтінді.
7 / 18
Локсеумаве қаласы Индонезияның мұсылмандар көп шоғырланған орталығы саналады. Мұнда орналасқан 120 мешіттің әрқайсысында Айт намазы оқылды. Оған мыңдаған діндар адам жиналды.
8 / 18
Екатеринбургте Айт намазы басталар алдында мешіт жанына жиналған мұсылмандар.
9 / 18
Кабулдағы кептірілген жеміс сататын саудагер Ораза айт қарсаңында сатып алушыларды күтіп тұр.
10 / 18
Пәкістанның Карачи қаласында діндар адам Айт намазынан кейін балаларын үйге алып бара жатыр.
11 / 18
Ирактағы соғыс кезінде зардап шеккен Мосулдағы ескі мешітте де дұға жасалды.
12 / 18
Индонезиялық мұсылман әйел Айт намазы кезінде Палестина туымен түстес бетперде тағып алған. Әл-Азхар мешіті, Джакарта.
13 / 18
Ораза айт кезінде Бамако (Мали) қаласындағы көпір астында тынығып отырған имам. Бұл батыс-африкалық елдегі мұсылмандардың арғы тегі – мавритандар.
14 / 18
Дубайдағы мұсылмандар Рамазан айы аяқталғаннан кейін таң сәріде дұға етуде. Бұл суретте әлемдегі ең ірі ғимарат – Бурдж-Халифа да көрініп тұр.
15 / 18
Қазақстанның астанасы Нұр-Сұлтан мешітінде де Айт намазы өтуде. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұсынысына сәйкес дұға ететін адамдар мешіт ауласына жайғасты.
16 / 18
Бетперде киген малайзиялық мұсылман қыз-келіншектер Куала-Лумпурдегі ұлттық мешіт жанында Айт намазының басталуын күтіп отыр.
17 / 18
Йемен астанасы Санадағы Айт намазын оқып жатқан мұсылмандар.
18 / 18
Мұсылмандар ислам әлеміндегі ең киелі орын – Меккедегі Қағба айналасына Айт намазын оқу үшін жиналып жатыр.