Таң қылаң берген шақта мұсылмандар тұратын әрбір елдегі мешіттерде айт намазы оқылды
Қазақстанда Айт намазы коронавирустан қорғайтын шараларды сақтай отырып, таза ауада өтті. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жариялаған ережеге сәйкес, намаз оқу кезінде барлық дұға етушілер бетперде тағуы керек және намаздан кейін қол алысуға тыйым салынды. Өткен жылы карантинге байланысты жамағатпен намаз оқу болған жоқ.
Оқи отырыңыз: Биыл Қазақстанда Құрбан айт қашан және қалай аталып өтеді
Әлем бойынша миллиондаған діндар мешітке келіп, Рамазан айының аяқталуына орай Аллаға құлшылық етті.
Бұл діни мереке кезінде игі істер жасап, айналадағы адамдарға қамқорлық таныту керек. Сонымен қатар мұқтаж жандарға қол ұшын созып, көмек көрсетудің де сауабы мол. Кешірім сұрап, жақсылық тілеу – Ораза айттың басты қағидасы.
Әлем мұсылмандары Ораза айтты қалай қарсы алғаны туралы төмендегі материалда.