НҰР-СҰЛТАН, 13 мамыр — Sputnik. Шымкентте әбден ашыққан ит иесінің мәйітін жеп қойды, деп хабарлады Otyrar.kz.
2021 жылы 5 мамырда сағат 12:50 шамасында Қаратау аудандық полиция басқармасының кезекші бөліміне жергілікті тұрғыннан үйлердің бірінің ауласынан ер адамның денесі табылғаны туралы хабарлама түскен.
Оқиға болған жерде жедел тергеу тобы мұқият тексеріс жүргізді.
Жәбірленушінің кім екендігі анықталды. Ол 1958 жылы туған жергілікті тұрғын болып шықты. Ер адам үйде жалғыз тұрып, ит асыраған.
Алдын ала мәлімет бойынша, ер адам қайтыс болғаннан кейін бірнеше күн өткен соң, аш ит иесінің мәйітін жей бастаған.