Оқиға

Шымкентте ит иесінің мәйітін жеп қойды

© AFP 2023 / MAURO PIMENTELСобака выглядывает сквозь отверстие в ограде
Собака выглядывает сквозь отверстие в ограде  - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.05.2021
Жазылу
НовостиTelegram
Қаратау аудандық полиция басқармасына жергілікті тұрғын үйлердің бірінің ауласынан ер адамның денесі табылғанын хабарлаған

НҰР-СҰЛТАН, 13 мамыр — Sputnik. Шымкентте әбден ашыққан ит иесінің мәйітін жеп қойды, деп хабарлады Otyrar.kz.

Клыки собаки - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.11.2020
Оқиға
Қарағанды облысында алты жасар қызды ит талап өлтірді
2021 жылы 5 мамырда сағат 12:50 шамасында Қаратау аудандық полиция басқармасының кезекші бөліміне жергілікті тұрғыннан үйлердің бірінің ауласынан ер адамның денесі табылғаны туралы хабарлама түскен.

Оқиға болған жерде жедел тергеу тобы мұқият тексеріс жүргізді.

Жәбірленушінің кім екендігі анықталды. Ол 1958 жылы туған жергілікті тұрғын болып шықты. Ер адам үйде жалғыз тұрып, ит асыраған.

Алдын ала мәлімет бойынша, ер адам қайтыс болғаннан кейін бірнеше күн өткен соң, аш ит иесінің мәйітін жей бастаған.

Жаңалықтар
0