НҰР-СҰЛТАН, 13 мамыр – Sputnik. Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус пен ковидті пневмониядан қайтыс болу статистикасын жариялады.
Ведомство мәліметінше, 11 мамырда 20 адам COVID-19 індетінен, тағы бесеуі коронавирус белгісі бар пневмониядан қайтыс болды, бірақ ПТР сынағы теріс.
Коронавирус салдарынан қайтыс болғандардың көпшілігі Алматыда тіркелді – 6, Қарағанды облысында – 3, Нұр-Сұлтан мен Шымкент қаласында және Атырау, Батыс Қазақстан облысында – 2, Ақтөбе, Алматы, Шығыс Қазақстан облысында бір адамнан тіркелді.
"13 мамырдағы жағдай бойынша 39 626 адам коронавирустық инфекцияны емдеуді жалғастыруда (39 143 CVI+ және 483 CVI-), оның ішінде 14 124 науқас ауруханада, 25 502 пациент амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. 788 науқас ауыр жағдайда болса, 183 адамның хәлі ауыр дәрежеде және 116 науқас жасанды тыныс алдыру аппаратына қосылған", – делінген хабарламада.
Айта кетейік, пандемия басталғаннан бері Қазақстанда коронавирустың 350 591 жағдайы анықталды, 307 464 адам сауығып шығып, 3 984 науқас көз жұмды.
Оқи отырыңыз: Ғалымдар организмдегі коронавирусты 5 минуттың ішінде өлтіретін өнімді атады