Қоғам

Ауа райына байланысты бірнеше өңірде дабылды ескерту жарияланды

Жамбыл, Түркістан, Шығыс Қазақстан, Қызылорда облыстары мен Шымкент қаласында қатты жел соғады. Маңғыстау облысында 38 градус ыстық болады
Sputnik

АЛМАТЫ, 13 мамыр – Sputnik. Қазақстанның бірнеше өңірінде ауа райына байланысты дабылды ескерту жарияланды. Бұл туралы Қазгидромет мамандары хабарлады.

Синоптиктердің мәліметінше, 14-16 мамырда күндіз Жамбыл облысында кей жерде найзағай ойнайды, кей жерде солтүстік-шығыстан жел соғады. Желдің күші 15-20 м/с, 16 мамырда екпіні 23-28 м/с болады. 

Шымкент қаласында 14 мамырда шығыстан секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады. Түркістанда желдің екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.

Мамырда ауа райы қандай болады – Қазгидромет болжамы жарияланды

Қызылорданың кей жерінде шаңды дауыл болады. Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады. Күндіз облыстың басым бөлігінде 15-20 м/с жел болады. Сондай-ақ шығыстан жел соғады.

Маңғыстау облысында 14 мамырда күндіз 38 градус ыстық болады.

14 мамырда Шығыс Қазақстан облысында кей жерде найзағай ойнайды, бұршақ жауады. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, күші кей жерде 15-20 м/с жетеді.

14 мамырға ауа райы болжамы

Ертең Алматыда жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Күндіз ауа температурасы +10; +15 градусты көрсетеді.

Елордада күн бұлтты болады. Ауа температурасы +11;+21 градус болады.

Шымкентте күн ашық, ауа температурасы +16;+25°С.

Ақтөбе облысында күн ашық, +10;+27 градус жылы болады.

Синоптиктердің болжамына сәйкес, Атырау облысында сынап бағанасы +20;+31 градусты көрсетеді. Ақмола облысында +10;+20 градус жылы болады, синоптиктер күн ашық болады деген болжам жасады.

Қызылорда облысында +17;+28 градус болады, күн ашық. Ал Жамбыл облысында күн ашық, ауа температурасы +9;+23 градусты көрсетеді.

Өскеменде күн бұлтты болып, жаңбыр жауады. Ауа температурасы +8;+17 градусты көрсетеді.

Павлодарда күн бұлтты болады, аздаған жауын-шашын түседі. Петропавлда күн ашық. Қостанай облысында да күн ашық, ауа температурасы +10;+29 градусты көрсетеді.

Батыс Қазақстан облысында күн ашық болады, ауа температурасы +17 градусты көрсетеді.

Маңғыстау облысында күн ыстық болады, ауа температурасы +20;+28 градусты көрсетеді.

Қарағанды облысында күн бұлтты болып, жаңбыр жауады. Ауа температурасы +10;+18°С.

Ал Түркістан облысында +29 градусқа дейін ыстық болады. Өңірде жауын жаумайды.