Өңірлер

Түркістан бұрын-соңды осылайша жаңғырмаған – Назарбаев

Назарбаев қаланы теңдесі жоқ жер деп атай отырып, сәулетшілер қаланың ерекше стилін дөп басқанын айтты
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 12 мамыр – Sputnik. Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев Түркістанда салынған бірқатар жаңа нысандарды аралады, деп хабарлайды Elbasy.kz.

Ол сәулетшілер қаланың ерекше стилін дөп басқанын атап өтті.

"Тәуелсіздік жылдары біз тағы бір маңызды нысанды салдық. Бұл Түркістан қаласы. Оның ұзақ тарихында Түркістан ешқашан мұндай жаңғыруды көрген емес. Мүлдем жаңа, қайталанбас қала. Барлық архитектура түркі және қазіргі заманға негізделген. Бұл тек Қазақстан үшін ғана емес, сонымен қатар барлық адамдар үшін ерекше орын болады. Бір ғана "Керуен сарайдың" өзі неге тұрады?!. Басқа да саябақтар мен нысандардың бәрі құнды", – деді Елбасы.

Назарбаевтың айтуынша, қала тұрғындары үшін мұндай өзгеріс нағыз сыйлық болып табылады.

"Мен барша түркістандықтарды, оңтүстікқазақстандықтарды мемлекеттің сіздерге жасаған керемет сыйымен құттықтаймын. Ал енді мемлекетке сіздің сыйлығыңыз – бұл бірлік, ынтымақ және Отанымыз үшін еңбек ету. Сіздерге бар жақсылықты тілеймін", – деді Назарбаев.

Назарбаев Түркістанға сапары кезінде робототехнология зертханасының қызметімен танысты. Сонымен қатар кітапхананың сирек кездесетін кітаптар мен қолжазбалар аймағын аралады.

Түркістан бұрын-соңды осылайша жаңғырмаған – Назарбаев

Қазақстанның тұңғыш президенті "Алтын самұрық" ұшатын театрында болып, "Қыз қуу" атты театрландырылған қойылымды тамашалады. Сондай-ақ Елбасыға театрландырылған судағы шоу көрсетілді.

Түркістан бұрын-соңды осылайша жаңғырмаған – Назарбаев

Сапар соңында музыкалық-драма театрдың ашылу салтанатына қатысты.

Түркістан – қала тарихы

Түркістан – Қазақстанның оңтүстігіндегі қала. 2018 жылдың 19 маусымынан бастап Түркістан облысының әкімшілік орталығы.

Облыста 1 663 тарихи және мәдени ескерткіштер бар. Оның қатарында – ЮНЕСКО-ның дүниежүзілік мұрасы мәртебесін алған халықаралық маңызы бар Яссауи кесенесін айрықша атап өту керек.

Оқи отырыңыз: Назарбаев жұртты таңғалдырып жатқан қаланы аралап көруге кеңес берді

Сондай-ақ, республикалық маңызы бар – 31 нысан, жергілікті деңгейдегі – 421 нысан және 1 210 нысан тарихи-мәдени мұралар тізіміне енген.