Қоғам

Тоқаев Қазандағы қанды оқиғаға байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады

Мемлекет басшысы балалары қайтыс болған отбасылардың ауыр қайғысына ортақтасып, көңіл айтты
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 11 мамыр — Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей басшысы Владимир Путинге жеделхат жолдады, деп хабарлады Ақорда.  

Елбасы Владимир Путинге көңіл айтты
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазан қаласындағы гимназияда ресейлік оқушылардың қаза табуына байланысты Ресей Федерациясының президенті Владимир Путинге көңіл айтты.

"Осынау қиын-қыстау сәтте балалары қайтыс болған отбасылардың ауыр қайғысына ортақтасып, көңіл айтамын", – делінген жеделхатта.

Айта кетейік, бүгін Қазанда екі адам Джаудат Файзи көшесінде орналасқан №175 мектепте оқ жаудырды. Салдарынан 9 адам қаза тапты.

Он бір адам көз жұмды – Қазанда мектептің ішінде түсірілген видео тарады 

Күдікті қолға түсті. Қазіргі кезде қылмыстық іс қозғалды. Қазан қаласында контртеррористік операция режимі енгізілді. 12 мамыр Татарстанда аза тұту күні деп жарияланды.