Әлем

Қазан қаласындағы гимназияда белгісіз біреулер оқ жаудырған: 9 адам көз жұмды - видео

Оқиға орнында 20 жедел жәрдем бригадасы жұмыс істеп жатыр
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 11 мамыр — Sputnik. Белгісіз біреулер Қазандағы білім беру мекемесінде оқ жаудырды, салдарынан тоғыз адам қаза тапты, деп хабарлайды РИА Новости төтенше жағдайлар қызметіне сілтеме жасап.

Сондай-ақ, зардап шеккен төрт адам ауруханаға жеткізілді.

Алдын ала мәлімет бойынша, оқ атқан жасөспірім ұсталды. Барлық оқушы мен оқытушы құрамы эвакуацияланды.

Қазан қаласындағы гимназияда белгісіз біреулер оқ жаудырған: 9 адам көз жұмды - видео

Сәл кейінірек оқ атылғаннан кейін мектепте жарылыс болды.

Оқиға орнында дәрігерлер жұмыс істеп жатыр. Татарстан басшысы Рустам Минниханов, сондай-ақ бас прокурор Илдус Нафиков келеді деп күтілуде.

Mash Telegram каналы екі жасөспірімнің Қазан қаласындағы №175 гимназияға шабуыл жасағанын хабарлайды.

Біреуі ұсталды, екіншісі үшінші қабаттан оқ жаудырып жатыр. Mash-тың хабарлауынша, бірінші мектепке кіруге жол бермеуге тырысқан күзетші көз жұмған.